Түркістан облысында агрессивті балалардың саны артқан

Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудан, қалалық басқармалары жыл сайын медицина мекемелерінен мектеп жасындағы оқушылар мен балабақша тәрбиеленушілерінің медициналық тексеру нәтижелерін есепке алып, талдау жүргізеді. 2022 жылы облыста  483 235 бала медициналық тексеруден өтіп, 26 749  баланың бойынан әр түрлі аурушаңдықтың белгілері анықталған. Денсаулықтарына қатысты тексерулердің ішінде   ең көп көрсеткіш жүйке жүйесінің патологиясына тиесілі екендігі белгілі болды. Яғни, 825 (27,4%)  оқушыдан жүйке жүйесі аурулары анықталып, мінез-құлықтарында  өзгеріс, агрессия, ашуланшақтық байқалған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 19,4% құраған болатын.         Өкінішке орай, балалардың басым бөлігі уақытын смартфондар мен   компьютерде өткізеді. Ұялы телефонды ұзақ пайдалану, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің жүйке жүйесіне зақым келтіретіні ғылыми негізде дәлелденген. Ғаламторда  көп отыру бас ауруы мен биоритмді бұзады. Дені сау ұрпақ тәрбиелеу, жас организмнің толыққанды дамуына ықпал жасау ата-аналар мен жауапты медицина қызметкерлерінің басты борышы. ​​​​​​​​​​​​​Өкінішке орай, көп ата-ана балаларының денсаулық жағдайының төмендеуіне дер кезінде көңіл бөлмейді. Медициналық тексерулерден өтудегі басты мақсат бала бойындағы ауруларды ерте анықтап, қандай да бір аурудың  өршуіне жол бермеу.      18 жасқа дейінгі балалар стоматолог, хирург-ортопед, невролог, офтальмолог, эндокринолог, уролог т.б мамандардың  тексеруінен тегін өтеді. Скринигтік тексерулер барысында анықталған созылмалы аурулары бар адамдар немесе жекелеген асқынған аурулармен ауыратын адамдар диспансерлік есепке алынады. Сондықтан бүлдіршіндер мен жасөспірімдерді скринингтік тексеруден уақытылы өтуге шақырамыз. Балалардың бос уақытын тиімді өткізуге ат салысыңыз!

Асқар Искаков

Түркістан облысының СЭБД басшысының орынбасары

 

Фото интернет желісінен алынды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *